Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Зұлфұхар Жолдасов тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Зұлфұхар Сансызбайұлы Жолдасов тағайындалды.
Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс активіне бірінші орынбасарын таныстырды. Сондай-ақ, Зұлфұхар Жолдасовтың өңірдегі қордаланған мәселелерді шешу бағытында нәтижелі жұмыс атқаратындығына сенім білдірді.
«Біріншіден, Кентау қаласындағы №5-ші жылу электр орталығының қай құру жұмыстарын жеке бақылауға алу қажет. Сондай-ақ облысымызда, әсіресе, облыс орталығы Түркістан қаласында бірқатар нысанның құрылысы жүргізілуде, солардың сапасына тұрақты түрде бақылау жүргізу керек. Автомобиль жолдарының сапасы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмалары бар. Жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу қажет. 2025 жылдың соңына дейін тұрғындарды 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту керекпіз. Сізден нәтижелі жұмыс күтемін» – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Оставить комментарий