АҚШ Солтүстік Кореямен байланысы үшін қазақстандық компанияға санкция салды

/image/2023/08/17/crop-48_3_686x1219_677fd14d-51ba-4002-baf1-05ec39751a1c.jpeg

АҚШ Солтүстік Кореямен байланысы үшін қазақстандық компанияға санкция салды.

АҚШ Қаржы министрлігінің сайтында жарияланған мәлімдемеге сүйенсек, АҚШ Ресей, Словакия және Қазақстанның фирмаларына санкция салған. 

Санкцияланған компаниялар: ресейлік ООО "Верус", словакиялық "Versor", қазақстандық "Defense Engineering".

Бұл үш фирманың иесі – словакиялық Ашот Мкртычев. Оған қарсы Вашингтон осы жылдың наурыз айында санкция салған. 

БАҚ-тың жазуынша, Мкрычев Солтүстік Корея және Ресеймен келіссөздер өткізіп, Солтүстік Кореяға қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жиырмадан астам түрін жеткізіп бермек болған. 

Ашық дереккөздегі ақпаратқа сәйкес, Defence Engineering 2000 шаршы метрден асатын бөлшек сауда объектілерінде көтерме саудамен айналысады.

 

Дереккөз: Тіл кеспек жоқ

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи