Теміртау тұрғынынан 2 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды

/image/2023/08/17/crop-12_25_316x562_img_8642.jpeg

Полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ол белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2  млн теңге бопсалағаны туралы хабарлады.

 Қарағанды облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді.

Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабына "Бопсалау" сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи