Қазақстандықтар көлік нөмірлерін онлайн бере алады

/image/2023/08/17/crop-18_5_237x421_img_8645.webp

2024 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жаңа иесіне онлайн режимінде бере алады. Бұл туралы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин айтты.

"Бүгінгі таңдағы ең үлкен жетістіктің бірі - 2024 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар көлік нөмірін, дәлірек айтсақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жаңа иесіне онлайн режимінде бере алуы. Бұрын көлік сатып алғанда – тіпті онлайн транзакция жасағанда – жаңа иесі жаңа нөмір алу үшін арнайы ХҚО-ға келуі керек еді. Енді бұл қажеттілік жойылды. Сонымен қатар, сұранысы жоғары көлік нөмірлерін жақын туыстарына беру мүмкіндігін жасауды қолға алдық", - деді министр.

Тағы бір маңызды жаңалық бар. Меншік иесі тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қайта тіркелуін алып тастағымыз келеді, дейді министр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи