Кемелбек Ойшыбаев «Хабарға» келді

/image/2023/09/13/crop-251_28_540x720_1200xauto_cnq6d6eyxwsab5uuky0csgaarbj9ahhjc7eiew0l.jpg.webp

«Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып Кемелбек Ойшыбаев тағайындалды.

Кемелбек Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, сонымен қатар, Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» тілшісі болып бастаған. 

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.

2015-2016 жылдары «ҚазМедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-да, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды. 

2016-2017 жылдары — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.

2019-2020 жылдары — «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы.

2020 жылғы маусымнан бастап 2022 жылға дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи