Қазақ ұлт бола ма?

/image/2023/11/20/crop-55_2_565x753_image_l.jpg-1.webp

Жазушылар одағының барында кофе ішіп отырмыз.

Аты-жөні есімде жоқ, бір жігіт Асекеңнен (Асқар Сүлейменов):

– Ас-еке, қазақ ұлт бола ма, болмай ма? – деп сұрады. Асекең әрі кофесін ішіп, әрі қолындағы газеттен көз алмай отырып:

– Болады. Бірақ болмайды, – деді де газеттен көзін алмай отыра берді. 

Біз түк түсінген жоқпыз.

– Асеке, таратып айтсаңызшы. Не ол – болады, бірақ болмайды деген. Неге болады, неге болмайды.

Асекең сұрақ қойып отырған жігітке бажырайып бір қарады да:

– Соған миларың жетпей тұр ма? Болады, егер руға бөлінгенін қойса. Бірақ, қазақ руға бөлінгенін қоймайды. Дүниеде екі-ақ қазақ қалған болса, олар бір-бірінің руын сұрап барып өледі. Демек, олар ұлт бола алмайды.

 

(Қазақстанның халық жазушысы Дулат Исабековтың 

"Дулат Исабековтың анекдоттары" кітабынан).

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи