Қазақтың әйгілі желаяғы 7 жылға сотталды

/image/2023/11/29/crop-131_2_569x759_6470270b83383255668811-1024x576.webp
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты белсенді Марат Жыланбаевқа үкім шығарды.
 
Жыланбаев тыйым салған экстремистік ұйымды қаржыландырғаны және оның қызметіне қатысқаны үшін айыпталған болатын.
 
Сот үкімімен Марат Жыланбаев ҚР ҚК-нің 258-бабы 2-бөлігі және 405-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
 
Сонымен қатар, ол қоғамдық-саяси қызметпен, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін пайдалану құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды.
 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Марат Жыланбаев – алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

90-шы жылдары "Гиннестің рекордтар кітабына" жеті рет есімі жазылған. 

Марат Жыланбаев Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен жеті күнде жүгіріп шыққан.

1992 жылы 20 күнде Қарақұм шөлін (1000 шақырым), 1993 жылы жиырма төрт күнде қара құрлықтағы Сахара шөлін (1700 шақырым) жүгіріп өткен.

1500 шақырымдық Үлкен Виктория шөлін де бағындырды. 1994 жылы он бес күннің ішінде Мохава шөлін (1218 шақырым) кесіп өткен.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи