Марат Жыланбаев 7 жылға сотталды

/image/2023/11/29/crop-12_7_793x1409_11259280-1440x810.jpg

Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты тіркелмеген "Алға, Қазақстан" бастамашыл тобының жетекшісі, белсенді Марат Жыланбаевқа үкім шығарып, 7 жылға соттады. Оған "тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты" және "экстремизмді қаржыландырды" деген айып тағылды. 

Сот отырысы жабық түрде өтті. Прокурор тіркелмеген "Алға, Қазақстан" бастамашыл тобының жетекшісі Марат Жыланбаевты 10 жылға соттауды сұраған. 

– Заңсыз тергеуден басталған іс заңсыз үкіммен аяқталды. Үкімді сөзсіз апелляцияға береміз. Маған соттың хатшысы 16:45-те хабарласып, онлайн сот 16:55-те оқылатынын айтты. Сүйтіп Zoom-ның сілтемесін берді. Сағат 16:55-те кірген кезде сот үкімді аяқтап жатыр екен. Тек 7 жыл дегенін ғана ести алдым. Қосымша шектеулерді естіген жоқпын. Сот үкімін қолға алғаннан кейін белгілі болады, – деді адвокат Азаттық сайтына берген пікірінде. 

Марат Жыланбаевтың соты 30 қазанда басталған еді. Белсенділер билік Марат Жыланбаевты саяси себеппен қудаланып отырғанын айтады. Ал тергеу органдары белсендіні қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязов құрған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысына қатысы бар деп болжайды.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи