Ақылы жолдың ақшасын төлемейтіндер бар

/image/2023/12/01/crop-107_5_444x592_c36c0b76d89d48e1947f1a65b05a4799.jpeg

Жолдың ақылы болғаны аздай, оның ақысын жеті күнде төлей қоймағандарға айыппұл салынады. 

Көлік министрлігі жүргізушілерді осылай қорқытып, жол жүру ақысын 7 күннің ішінде төлеу қажет екенін еске салды.

Қазақстанның ақылы жолдары үшін төлем жасаудың 20-дан астам әдісі бар. Оның ішінде QAJ mobile қосымшасы, Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank арқылы және басқа да әдістер.

Жол ақысын төлемеген жағдайда, 8-ші күні әкімшілік айыппұл есептеледі.

Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері - 5 АЕК, заңды тұлғалар үшін - 10 АЕК. (2023 жылы 1 АЕК 3 450 теңгеге тең).

Көлік министрлігі жол қарызы бар автокөлік иелерін айыппұл салынбай тұрғанда қарыздарын өтеуге шақырады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи