"Қазақмыс" шахтасында машинист қаза тапты

/image/2023/12/27/crop-4_72_600x800_1659003858hmypw_1000x768.jpeg

"Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жазатайым оқиға 2023 жылдың 26 ​​желтоқсанында Ұлытау өңіріндегі Жыланды кенішінде болған.

"Сағат 18:30-да «Шығыс Сары-оба» шахтасы учаскелерінің бірінде жерасты техникасының машинисі жұмыс орынында қозғалыс барысында, абайсызда екінші жүргізушіні соғу салдарынан 1992 жылғы азамат алған ауыр жарақатынан көз жұмды", делінеді хабарламада.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды.

Соңғы кездері «Қазақмыс» кен орындарында кісі өліміне әкелген жазатайым оқиғалар жиі орын алуда.

6 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында 1 адам мерт болды. 22 қарашада Жезқазған кен байыту фабрикасында 1 жұмысшы көз жұмды. 27 қарашада тағы 2 адам қаза тапты.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи