Алматыда жер сілкінісіне төтеп бере алмай, қабырғалары жарылып, сызаттар түскен сапасыз салынған баспаналарға кім жауапты?
Осы сипаттағы журналистер сұрағына 1 ақпанда Сенат дәлізінде Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин жауап берді.
Вице-министр Қазақстанда үйлерді салу кезінде жер сілкінісіне төзімділігін тексеру шаралары алда күшейтіле түседі деп уәдені үйіп-төгіп, мұны депутаттар да қолдап отырғанын жеткізді. Шенді Алматыдағы ғимараттарға соңғы жер сілкінісі елеулі зақым келтірмеді деген ойда.
Айта кетсек, ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев 23 қаңтарда өткен брифинг барысында қаладағы барлық нысанда жер сілкінісінен кейін пайда болуы ықтимал жарықтар, сызаттардың бар-жоғы тексерілетінін мәлімдеген болатын.
Оставить комментарий