"Оттегі баллоны жарылса, біз тірі қалмас едік": Ұшақ апатынан аман қалған бортсеріктер оқиғаны баяндап берді

/uploads/thumbnail/20241227201937011_big.webp

Ақтау маңында болған ұшақ апатынан тірі қалған Azerbaijan Airlines стюардессасы Айдан Рагимли әзірбайжандық бұқаралық ақпарат құралдарына оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Стюардесса Айдана Рагимли Грозныйдың үстінде ұшып келе жатқанда сырттан соққы жасалғанын, жарылысты естігенін айтты.

"Бірінші соққыдан кейін оттегі маскалары ашылды, ал жолаушыларға көмектесуге тырысқанда, екінші соққыны естідік", – деді экипаж мүшесі.

Сондай-ақ ол әуе кемесінде оттегі баллоны жарылды деген нұсқаға өз пікірін білдірді.

"Біз ұшақтың артқы бөлігіне барып, бортсеріктерге арналған орында отырдық және оттегі маскаларын тақтық. Мен әріптесіме алғашқы көмек көрсеттім. Біз аға бортсерікпен үнемі байланыста болдық. Сынықтар ұшаққа тиді. Оттегі цистернасының жарылуы туралы ақпарат дұрыс емес. Ондай болған жағдайда, біз тірі қалмас едік. Көзімді ашып, қайда екенімді сұрағанымда, маған Ақтауда екенімді айтты", – деді Айдан Рагимли.

Ұшақ апатынан тірі қалған екінші бортсерік Зұлфұғар Әсадовтің айтуынша, ұшақтағы штаттан тыс жағдай апаттық қонуға дейін де басталған екен. 

«Біз таңғы сағат 8-де Грозныйға ұштық. Қонуға жақындаған кезде әуежайды өте қалың тұман басқанын көрдік. Капитан ұшақты төмендетуге кірісті, бірақ нашар көріну салдарынан екінші айналымға ұшуға мәжбүр болды, тұманның сейілуін күтті. Дегенмен, екінші де, үшінші де қону әрекеттері сәтсіз аяқталды», – дейді ол.

Оның айтуынша, ұшқыш жақын маңдағы әуежайға бағыт алуды ұйғарған, бірақ қонар алдында ұшақ сыртынан дыбыстар естілген.

«Бірақ сол сәтте ұшақтың сыртынан біртүрлі дыбыс естілді. Мен әріптесім Айданмен бірге дереу салонға шықтым. Біз жолаушылар арасында дүрбелең басталғанын көрдік. Барынша жолаушыларды тыныштандыруға тырыстық», – деп толықтырды бортсерік.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи