101-ші станцияның видеосы жарияланды.
Қабанбай батыр даңғылы бойында, халықаралық әуежай маңында орналасқан бұл станция ішінде эскалаторлар мен интерактивті экрандар орнатылған. Экрандарда елорданың көріністері көрсетіледі. Сондай-ақ жолаушыларға арналған лифтілер де бар.
Компанияның мәліметінше, 101-ші станцияның қасбеттік жұмыстары толық аяқталған.
Жалпы, LRT желісі 18 станциядан тұрады. Оның 11-і жер үстінде, ал 7-уі эстакадалық деңгейде орналасады.
2025 жылы барлық станцияның құрылысы толық аяқталады деп жоспарланған. Бұл жұмыстарға қасбеттерді монтаждау, эстакадалық өткелдерді салу, ішкі әрлеу және айналадағы аумақты абаттандыру кіреді.
Оставить комментарий