Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2025 жылдың 8 наурыз және 21-23 наурыз аралығында жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.
"Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасында 2025 жылғы 8 наурыз күні "Халықаралық әйелдер" және 21-23 наурыз аралығы "Наурыз мейрамын" мерекелеуге байланысты Қазақстан–Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды", – деп жазылған мәлімдемесінде.
Дегенмен Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
"Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – деп ескертті комитет.
Оставить комментарий