Абай облысында 54 жастағы ер адам алғаш рет жеке куәлік алды

/uploads/thumbnail/20250307163731791_big.webp

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Курчатов қаласының тұрғыны ұзақ жылдар бойы ескі үлгідегі төлқұжатпен өмір сүріп, ресми түрде азаматтық ала алмай қалған.

Бұл оған мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік бермей, күнделікті өмірінде елеулі қиындықтар тудырды.

Миграциялық қызметке жүгінгеннен кейін полиция қызметкерлері оны құжаттандыру процесіне жедел кірісті. 2025 жылғы 3 наурызда ер адам ресми түрде Қазақстан Республикасының азаматы атанып, алғашқы жеке куәлігін алды.

Абай облысы полиция департаменті жеке куәліктің болуы адамның құқықтық мәртебесін ғана емес, сонымен қатар медициналық, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ететінін еске салады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи