Алматылықтар Көктөбеде көрісті(фото)

/uploads/thumbnail/20250314131317402_big.webp

Алматы қаласында бүгін Көрісу күніне орай театрландырылған концерт өтті. Бұл іс-шара Наурызнама онкүндігінің басталуын білдіреді. Аталған шараға қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбаев та қатысты. 

«Көктөбедегі Амал күні» концерті сағат 11:00-де басталды. Роза Рымбаева, Жанар Айжанова, «Жігіттер» тобы, Айгүл Қосанова және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері өнер көрсетті. Сондай-ақ мереке құрметіне сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін аспалы жолмен жүру тегін болады.

Айта кетейік, 14 наурыз күні Қазақстанда жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігі басталады. 

Көрісу күні – қазақ халқының ежелден келе жатқан достық пен бірлікті, ағайын арасындағы сыйластықты дәріптейтін мейрам. Бұл күн әр жылы 14 наурызда атап өтіледі. Әсіресе, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау өңірлерінде кеңінен тойланады. Кейінгі жылдары бұл дәстүр еліміздің басқа да аймақтарында белсенді түрде жаңғырып келеді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи