Университет ақшасына өмір сүргендер: Шымкентте қылмыстық схема анықталды

/uploads/thumbnail/20250519163836408_big.webp

Шымкент қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру және заңсыз жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Күдіктілер қатарында университет ректорының міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, сондай-ақ серіктес ұйымдардың басшылары бар.

Тергеу барысында университет пен мердігер ұйымдар арасында жалпы сомасы 256 миллион теңгеге жалған келісімшарттар жасалғаны анықталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары, қызмет көрсету және тауар жеткізу іс жүзінде орындалмаған. Бөлінген бюджет қаражаты жалған актілер арқылы аффилирленген компаниялар шоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Заңсыз табысқа күдіктілер алты қымбат көлік (Mercedes-Benz S-класс, Lexus LX570 және басқа да маркалар) пен Шымкент қаласының орталығынан құны 254 миллион теңге болатын элиталық коттедж сатып алған. Бұл мүлікке сот шешімімен тыйым салынды.

Қазіргі таңда төрт күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Связанные теги :

Связанные Статьи