Батыс Қазақстан облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы тұрғынына қатысты үкім шығарды.
"Ол "Чапаев – Жаңақала – Сайхин" автожолын күрделі жөндеу жөніндегі шарттың жалпы сомасының 30 пайыз мөлшерінде алдын ала төлем жасағаны үшін облыс әкімдігінің лауазымды адамдарына 50 миллион теңге сомасында алаяқтық жасағаны және кәсіпкерді пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.
Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымға орналасуға өмір бойына тыйым сала отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.