Өзбекстан Республикасымен келісім бойынша Қазақстан "Тәжен" өткізу пункті арқылы шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйымды 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартты, – деп жазылған хабарламада.
Шектеу өткізу пунктінде және оған іргелес инфрақұрылымда жүргізіліп жатқан құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарына байланысты енгізілген.
Оған күрделі жөндеу, инженерлік желілерді тарту және бейтарап аймақта жол салу жұмыстары кіреді.
Ведомство азаматтарға сапарларын жоспарлау кезінде бұл шектеуді ескеруге кеңес берді.