Қазақстандағы үш қалада халық саны неге азайып жатыр?

/uploads/thumbnail/20250523125154465_big.webp

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еліміздің үш қаласынан халық жаппай көшіп жатыр. Көпшілік Астана, Түркістан сияқты қалаларға көшіп барып жатыр. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кейінгі бір жылда Қонаев қаласының халқы 8,2 пайыз азайған. Бүгінде Алматы облысының орталығында 66 мыңға жетер жетпес адам бар. Дәл сол сияқты Семей жұрты 5,1 пайыз кемісе, Байқоңырдан көшкендер 3,6 пайыз болған.

Ал Астана маңындағы Қосшы қаласында керісінше, халық саны қарқынды өсіп келеді. Мәселен, мұнда бір жыл ішінде 62 мың адам көшіп келген. Екінші орында – Астана қаласы. Қазір елордада 1,55 миллион адам тұрады. Түркістан да осы тізімнің қатарында. Мұнда халықтың саны 240 мыңға жеткен.

Связанные Статьи