Президент сөгіс жариялады: Көлік министрі алдағы жұмысы туралы пікір білдірді

/uploads/thumbnail/20250523151701309_big.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөгіс жариялауынан кейін ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев өз қызметіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол Сенатта жол мәселелеріне арналған Үкімет сағатынан кейін журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты.

– Министрлік ұжымы Мемлекет басшысының ведомствоға жүктеген тапсырмаларын уақытылы әрі сапалы орындауға баса назар аударады. Мен, осы мемлекеттік органның жетекшісі ретінде, маған артылған сенімді ақтау үшін бар күш-жігерімді саламын, – деді Марат Қарабаев.

Министр өз сөзінде ведомство жұмысының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің көлік және логистика саласын дамыту мәселелеріне арналған отырысы өткен болатын. Кездесу барысында Президент Көлік министрі Марат Қарабаевқа жол саласындағы жұмысында жіберілген кемшіліктер үшін сөгіс жариялаған еді.

Связанные Статьи