Ерболат Досаевтың орнына Алматы қаласына жаңа әкім тағайындалуы мүмкін. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәслихат депутаттарының жиналысы 24 мамыр күні сағат 12:00-де өтетінін хабарлады.
Хабарламада бұл жиын Қазақстан Республикасы Президентінің әкімдерді тағайындау тәртібіне сәйкес өткізіліп жатқаны айтылған.
Айта кетейік, Ерболат Досаев Алматы әкімі қызметіне 2022 жылдың 31 қаңтарында, «Қанды Қаңтар» оқиғасынан кейін тағайындалған еді.