Шерзат ісі: Нұрқанат Ғайыпбаевқа сараптама жасаған маман жауап берді

/uploads/thumbnail/20250528111757044_big.webp

Талдықорғанда Шерзат Болаттың қазасы бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. 

Сот отырысы оқиға болған күні жарақат алған Нұрқанат Ғайыпбаевқа сараптама жүргізген сот-медициналық сарапшы Өмірбек Жолымбетовтың жауап беруімен басталды.

Тексеру барысында Ғайыпбаевтың сол көзінің астында қабағында мөлшері 3,0 және 1,5 см көгерген түсті қанталау болды. Оң жақ құлақ қалқанындағы өсіндісінде дәл осындай сипатта қанталау болған. Мөлшері – 2,0 және 1,0 см. Шүйде бөлігінде жұмсақ тіндерінің ісініп қабынуы тіркелді. Бел тұсында сызықты формалы терісі сыдырылған жара болды. Оның беті қызыл түсті жұқа қабықпен қапталған. Оның мөлшері 15 және 4,0 см. Оң жақ жамбасы тұсында қиғаш тік жара болған, оның жиектері тегіс, ұштары доғал келген, мөлшері – 1,2 және 0,1 см, - деді Өмірбек Жолымбетов.

Медициналық тексеруден кейін Ғайыпбаевқа клиникалық диагноз қойылған.

Бас-сүйек миының жабық зақымы, бас миының шайқалуы, басының маңдай бөлігі тұсындағы жұмсақ тіндерін соғып алуы және терісі сыдырылған жаралары, басының шүйде бөлігіндегі қанталау, кеуде қуысы мүшелерінің жабық зақымы, оң жамбасындағы көптеген шаншыла кесілген жаралар, оң тізесі буыны тіндерін соғып алуы, жамбас бөлігінінің оң жағында шаншыла кесілген жаралар, - деп сөзін толықтырды ол.

Связанные Статьи