Трамп АҚШ-қа 12 елден келетіндерге шектеу қойды

/uploads/thumbnail/20250605134211412_big.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен азаматтарына елге кіруге тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Ақ үй мәліметінше, бұл елдер «тиімді тексеру жүргізе алмайды және АҚШ үшін жоғары қауіп төндіреді» деп танылған.

Сонымен қатар Того, Түрікменстан, Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне және Венесуэла азаматтарына қатысты ішінара шектеулер енгізілді. Бұл елдер де қауіп төндіретін мемлекеттер қатарына жатқызылды.

Жарлықта кейбір ерекше жағдайлар қарастырылған. Атап айтқанда, ұлттық мүддеге сай тұлғаларға, АҚШ-тың тұрақты заңды тұрғындарына, қолданыстағы визасы бар азаматтарға және бірқатар виза санаттарына бұл тыйым қолданылмайды.

Дональд Трамп алғашқы президенттік мерзімінде де осындай шектеулер енгізген болатын. Ол кезде тыйым тоғыз елге қатысты болды: Куба, Иран, Ливия, Солтүстік Корея, Сомали, Судан, Сирия, Венесуэла және Йемен. Бұл жарлықты кейінірек президент Джо Байден қызметке кіріскен соң жойған еді.

Сондай-ақ, Трамп әкімшілігі бұған дейін Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салған. Қазіргі уақытта университет бұл шешімге қарсы соттасып жатыр. Гарвардқа оқуға түскен студенттер арасында қазақстандықтар да бар. Олар сот шешімін күтуде.

Связанные теги :

Связанные Статьи