Қаптаған орыс пен қытай... Ақорда Көші-қон қауіпсіздігін талқылады

/uploads/thumbnail/20250702133402873_big.webp

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиында ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы негізгі үрдістер қарастырылып, Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың, сондай-ақ Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің ақпараты тыңдалды.

Мемлекет басшысы көші-қон саясатын іске асыруда геосаяси факторлар мен сын-қатерлерді, демографиялық болжамдарды және халықтың көшу себептерін есепке алудың маңызына тоқталды.

Президент заңсыз көші-қонды болдырмау бойынша бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің адами капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.

Айта кетерлігі Ресейдің Украинаға соғысынан кейін Қазақстанға ағылған орыстар саны жүз мыңдап артқан. Есесіне елдегі экономикалық дағдарыс пен Көші-қон саясатының дұрыс жүргізілмеуі салдарынан шетелдегі қазақтардың елге оралуы және Солтүстік облыстарға бағытталған «Қазақ көшінің» қарқыны баяулағаны жиі айтылады. Бұған «саяхатшы» атауымен келіп жатқан мыңдаған қытайларды қосыңыз. 
Тоқаев өткізген кезекті Қауіпсіздік кеңесінің отырысы осы мәселелерге баса назар аудара ма? Оны алдағы нәтиже көрсетеді.

Связанные Статьи