Даниал Ахметовтың күйеу баласы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясын уақытша басқарады

/uploads/thumbnail/20250702150738001_big.webp

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясын  Даниал Ахметовтың күйеу баласы Ерлан Қойшыбаев уақытша басқаратын болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі. 

- Ішкі нормативтік актілерге сәйкес, "ҚТЖ" ҰК" АҚ логистика жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев компания басшысының міндетін уақытша атқарады, делінген ҚТЖ-ның ресми жауабында. 

Еске салайық, бұған дейін ҚТЖ-ны басқарған Нұрлан Сауранбаев мемлекет басшысының жарлығымен көлік министрі лауазымына тағайындалған болатын.

Ерлан Қойшыбаев – Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің қызы Аделия Ахметованың күйеуі. Ал Даниал Ахметов болса 2014-2023 жыл аралығын аталған өңірді 10 жылға жуық уақыт басқарды. 

Связанные Статьи