Путин жаңа заңға қол қойды: Енді төлқұжатсыз Ресей әскерінде қызмет етуге болады

/uploads/thumbnail/20250707212327056_big.webp

Ресей Қарулы Күштерінде төлқұжатсыз әскери қызмет атқаруға болатын арнайы заңға қол қойды. Бұл заң Ресей азаматтығы жоқ шетелдіктерге арналған. Олар алдын ала бекітілген келісімшарт бойынша әскери қызмет ете алады. 

Ресей билігі биыл сәуір айынан бастап "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" заңға түзетулер жобасы, сондай-ақ онымен байланысты алты федералды заңға корреспонденттік түзетулер  енгізді. Түсіндірме жазбада Ресей Федерациясының Қарулы Күштерін толықтыру үшін қосымша шаралар ретінде өзгерістер қажет екендігі айтылған.

Аталған бастама мамыр айында мақұлданып, 24 маусым күні үшінші оқылымда заң қабылданды. 

Интерфакс "Бұл - бастама келісімшарт бойынша әскери қызметке кіре алатын адамдар тобын кеңейтуге бағытталған", деп жазды.

Связанные теги :

Связанные Статьи