Әзербайжандағы ірі оқу орны орыс тілінен бас тартты. Жаңа оқу жылында шетел тіліне қатысты екі бірдей бөлімше жабылды. Бұл туралы әзербайжандық БАҚ хабарлады.
Қарабақ университетінде 2025-2026 оқу жылында студентер орыс тілінде және ағылшын тілінде білім ала алмайды.
"Бізге бұған қатысты көптеген сұрақ келіп түсті. Біз 2025-2026 оқу жылында Қарабақ университетінде студенттерді ағылшын және орыс тілдерінде оқытатын бөлімдерге қабылдау қарастырылмағанын хабарлағымыз келеді", делінген университеттің ресми хабарламасында.
Еске салсақ AZAL ұшағы құлағаннан кейін Мәскеу мен Бакудің қарым-қатынасы нашарлай түскен болатын.