Жылқышыбайдың тұлпары топ жарды

/uploads/thumbnail/20250811100329416_big.webp

Журналист, "Уақыт көрсетеді" Youtube арнасының жүргізушісі Нұрсейіт Жылқышыбайдың Тобылғыторы атты тұлпары Семей қаласында өткен бәйгеде топ жарып, жүлделі болды. Журналиске аймақ басшысы Берік Уәли автокөліктің кілтін табыстады. 

Бәйге Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған болатын. Топ бәйгеден бөлек "Аламан бәйгеде" Павлодар қаласының, жорға жарысында Қырғызстанның жүйрігі топ жарды. Жүлдегерлердің барлығы көлікті болды. 

Аймақ басшысы Берік Уәли мерейтойлық онкүндік аясында той тойлауға емес, ой ойлауға, рухани, зияткерлік, танымдық, спорттық шараларға баса мән берілгенін айтты.

"Жалпы 10 күндік іс-шаралар елдің береке-бірлігінің арқасында жоғары деңгейде өтті деп есептеймін. "Абай академиясы" атты энциклопедиялық портал ашылды. Бірнеше кітаптың тұсауы кесілді. Мыңнан астам команда қатысқан "Абай куиз" интеллектуалдық ойыны өткізілді. Зағип жандар мен нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана іске қосылды. Бүгін өздеріңіз көргендей, жүлде қорларының әр аймаққа, тіпті қырғыз еліне дейін кеткені қуантады. Осы ретте тойдың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан облыстың жанашыр азаматтарына алғыс айтамын", – деді әкім.

Связанные Статьи