Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийдің Ресеймен аумақтық келісімдерге келуден үзілді-кесілді бас тартуына келіспейтінін білдірді. Бұл туралы АҚШ президенті журналистермен кездесу барысында айтты.
«Путин келіссөз үшін біздің елге келгенде жақсы болар еді, біз оның еліне немесе үшінші бір елге емес. Мен Зеленскиймен де жақсы араласамын. Бірақ оның ісімен келісе алмаймын. Мүлдем келісе алмаймын. Бұл соғыс ешқашан болмауы керек еді, болмас та еді. Бірақ мен Зеленскиймен сөйлесемін. Келесі кездесу Зеленский және Путинмен немесе Зеленский, Путин және менімен болады. Егер олар үшін қажет болса мен сол келіссөзге қатысамын. Екі көшбасшы арасында кездесу ұйымдастырылғанын қалаймын», деді Трамп.
Журналистермен кездесу кезінде Трамп Зеленскийдің ұстанымына қарсы екенін айтты.
«Зеленскийдің Конституцияны алға тартып, кез келген аумақтық келісімнен бас тартуын түсінбеймін. Егер бейбітшілікке қол жеткізудің бірден-бір жолы — келіссөздер арқылы белгілі бір шарттарға бару болса, оны қарастыру қажет деп есептеймін», деді Трамп.