Зеленский: Донбастан кетсек үшінші дүниежүзілік соғыс бастаймыз

/uploads/thumbnail/20250813143819055_big.webp

Украина президенті Владимир Зеленский "үшінші дүниежүзілік соғыс бастаймын" деп қорқытты. Ол Донбастан әскерлерді шығару туралы ұсынысты жоққа шығарды. 

Зеленскийдің айтуынша, бұл қадам тек Ресейдің мүддесіне жұмыс істейді. Донбас облысының шамамен 30%-ына тең 9 мың шаршы шақырым жерден бас тарту Ресейге Запорожье, Днепропетров және Харьков облыстарына жаңа шабуыл жасау үшін стратегиялық мүмкіндік береді.

"Сондай-ақ елдің болашағына да қауіп төндіреді. Өйткені Донбасс  — ресейліктер үшін болашақ шабуылға арналған плацдарм. Егер біз ол жерден кетсек, біз үшінші соғысты ашамыз", деді Зеленский. 

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасында келіссөз ұйымдастыру үшін барын салатынын айтқан болатын. Сондай-ақ ол Владимир Зеленскийдің Ресеймен аумақтық келісімдерге келуден үзілді-кесілді бас тартуына келіспейтінін білдірді.

Связанные Статьи