Трамп: Украина соғысын тоқтатып жұмаққа барғым келеді

/uploads/thumbnail/20250821133258191_big.webp

Трамп Украина соғысын тоқтатып, жұмаққа барғысы келетінін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

“Мен жай ғана Украина соғысын тоқтатқым келеді. Бұл өте жақсы деп ойлаймын. Егер мүмкін болса жұмаққа кіргім келеді”, деді Трамп сұхбатта. 

АҚШ президенті ата-анасы туралы да сөз етті. Трамп “анасының аспанда” екеніне сенімді, ал әкесіне қатысты нақты ештеңе айта алмайды. 

Журналистер Ақ үйдің баспасөз хатшысынан Трамптың бұл сөзін түсіндіріп беруін сұрады. 

"Меніңше, президент шынын айтты. Ол осы кабинеттегі бәріміз секілді жұмаққа кіргісі келеді”, деді Ақ үйдің баспасөз қызметі.

Связанные теги :

Связанные Статьи