Зеленский: Трамп орыстармен сөйлескен соң келісім өзгерді

/uploads/thumbnail/20250819134723731_small.webp

Украина президенті Владимир Зеленский Киевте баспасөз конференциясын өткізіп, жоғары деңгейде кездесу өткізу туралы ресейліктермен байланысы жоқ екенін, барлық процесс серіктестер арқылы жүріп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтондағы кездесуде Украина соғысты дипломатиялық жолмен тоқтатуға дайын екенін нақты жариялаған. 

 

«Бізде орыстармен ешқандай келісім жоқ. Біз президент Трамппен келістік. Ол – менің ойымша, бүгінгі күні Путинді тоқтата алатын бірден-бір адам. Трамппен кездескенде дипломатиялық шешімді дұрыс деп таңдадық. Басында үшжақты кездесуге тоқтағанбыз. Бірақ ол артынша ресейлік тараппен сөйлесіп, алдымен екіжақты кездесу өткізуді ұсынды. Уақыты мен орынын сөйлесу керек екенін айтты», - дейді Зеленский.

 

Зеленский өзін кейбіреулердің «соғысты тоқтатуға қарсы адам» деп көрсетпесі үшін аталған шартқа келіскенін айтады.

 

«Мен дайын екенімізді айттым. Үшжақты кездесу болғаны дұрыс еді. Бірақ Трамп осы форматты дұрыс деген соң оны да қолдап отырмыз. Одан кейін үшжақты кездесу болады», - деді Зеленский.

Связанные теги :

Связанные Статьи