Президент Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігінің өкілеттілігін кеңейтті

/uploads/thumbnail/20250822170146360_big.webp

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. 

 

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа өкілеттілігі Жарлық бойынша келесі тармақтарды қамтиды:

 

15-тармақ мынадай мазмұндағы 44-4), 84-4), 84-5), 84-6), 84-7) және 84-8) тармақшалармен толықтырылсын:

«44-4) ұсынылатын (ұзартылатын) салықтық жеңілдікті келісу;»;

«84-4) мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау;

84-5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

84-6) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

84-7) әзірленген мемлекеттік құпиялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде өзіне ведомостволық бағынысты ұйымдарда да қорғалуын қамтамасыз ету;

84-8) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;».

 

Жарлық 1-тармақтың 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Связанные теги :

Связанные Статьи