Астана қаласында Семей полигонынан зардап шеккендерге Конституция күніне орай 9830 теңге өтемақы беріледі. Бұл туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Елордада ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен шамамен 3000-ға жуық адам бар.
"Ядролық сынақтардан келген зиян үшін өтемақы алатын азаматтарды біржолғы әлеуметтік көмекпен қамту жоспарланып отыр", - деді ведомство өкілдері.