Үржардағы жол апаты: зардап шеккен екі бала ауруханадан шығады

/uploads/thumbnail/20250904111250635_big.webp

Бестеректе болған жол апатынан зардап шеккен екі баланың жағдайын дәрігерлер «қанағаттанарлыққа жақын» деп бағалап отыр.  Олар бүгін ауруханадан шығарылады. Бұл туралы Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

"Екі балаға да ота сәтті жасалды. Қазіргі жағдайлары жақсы, жақын күндері ауруханадан шығарылады", делінген жауапта. 

Ал ауыр халде болғандықтан Астанаға жеткізілмей, алдымен Үржар аудандық ауруханасында бақылауда болған, кейін 23 тамызда санавиациямен Семейге жеткізілген қыз баланың жағдайы әлі де өте ауыр. Ол комада жатыр. Дәрігерлер барлық қажетті ем шараларын жасап жатқанын атап өтті.

Еске сала кетсек, 19 тамыз күні Бестерек ауылында Toyota көлігінің жүргізушісі жол жиегінде тұрған балаларды қағып кеткен еді. Оқиға үй қақпасының алдында, жолдан небәрі 10 метр жерде болған.

Салдарынан екі бала оқиға орнында қаза тапты, тағы бірі ауруханаға барар жолда көз жұмды. Тағы үш бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болған балалардың жасы 2 мен 7 жас аралығында болса, жарақат алғандардың жасы 6-дан 9 жасқа дейінгі аралықта.

Связанные теги :

Связанные Статьи