Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адамға қылмыстық іс қозғалды, оның әйелі де жауапқа тартылады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта ер адамға қатысты полиция "Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғаған.
"Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ол соттың санкциясымен қамауда отыр. Сонымен қатар әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді ведомство.
Еске сала кетейік, Шардара ауданында ер адам қарт әкесін қан-жоса етіп аяусыз соққыға жықты. Жантүршігерлік оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.