Шардарада ұлынан зәбір көрген қарияның мәйіті қабірден қайта қазып алынды

/uploads/thumbnail/20250917121430087_big.webp

Түркістан облысының Шардара ауданындағы Қоссейіт ауылында өз баласы ұрып-соққан ақсақалдың денесі қара жер қойнынан қайта қазылып алынды, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Мәйітке сот-медициналық сараптама жасалып, қарияның нақты неден көз жұмғаны анықталмақ. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалып, нәтижесі алдағы уақытта шықпақ Егер қарияның өлімі ұлы мен келінінің әрекетінен болғаны дәлелденсе, күдіктілердің жауапкершілігі ауырлай түспек.

– Туыстары дер кезінде хабарламағандықтан, медициналық қызметкерлер тарапынан қайтыс болу туралы анықтама берілмеген. Қазір мәйітке эксгумация жасалып, сараптама жүргізіліп жатыр. Қорытындысы шыққан соң қосымша мәлімет ұсынылады, - делінген Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратта.

Еске салсақ, Шардара ауданында 40 жастан асқан асаба азамат туған әкесіне күн көрсетпей, соққының астына алып келгені белгілі болды. Жәбір көрген қария кейін көз жұмды.

Күдікті ұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта ол сот санкциясымен қамауда отыр.

Связанные Статьи