Қазақстандағы азаматтық қоғамның жаңа кезеңі: 104 грант бөлініп, 27 мың игі іс жасалды

/uploads/thumbnail/20251022185822269_big.webp

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтып, шынайы қоғамдық диалог орнатуғабағытталған кешенді және жүйелістратегияны іске асыруда.

Мемлекет басшысы XII Азаматтық форум қатысушыларына жолдаған үндеуінде азаматтық қоғамды дамытуға мемлекеттің айрықша мән беретінін атап өтті.

«Мемлекет пен азаматтардың қарым-қатынасына арқау болған «Халық үнінеқұлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасыберік орныға түсті. Өзара сыйластық пен түсіністік, жанашырлық пен жауапкершілікқасиеттері кеңінен дәріптеліп, қоғамныңқұқықтық мәдениетін арттыру үшін нақтышаралар атқарылды», – деді Қасым-ЖомартТоқаев.

Президент белсенді азаматтық қоғам қалыптастыру үшін үкіметтік емесұйымдардың беделін арттыру маңыздыекенін бірнеше рет атап өткен болатын.

Осы мақсатта 2021-2024 жылдар аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құқықтық кеңістікті сапалық тұрғыдан жаңғыртуүдерісі басталды. Бұл бағытта бірқатарнегізгі заңнамалық актілер қабылданды. Атап айтқанда, «Қоғамдық бақылау туралы» Заң, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтіктапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарғаарналған гранттар және сыйлықақылартуралы» Заңға түзетулер пакеті қабылданды. Сонымен қатар «Волонтерлік қызметтуралы», «Қайырымдылық туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Медиация туралы» және «Қоғамдықкеңестер туралы» заңдарға толықтыруларенгізілді. Аталған заңдарды тиімді іске асырумақсатында 14 нормативтік құқықтық актігеөзгерістер енгізілді.

Қоғамдық кеңестердің рөлі айтарлықтай күшейді. Соңғы үш жылда азаматтық қоғам өкілдерінің үлесі 23%-ға өсіп, 264 қоғамдық кеңестің құрамындағы олардың қатысудеңгейі 86%-ға жетті. Жастардың үлесі де 5%-ға артып, 15%-ды құрады.

Алғаш рет квазимемлекеттік секторда азаматтармен тікелей кері байланысорнатуға мүмкіндік беретін 13 жаңақоғамдық кеңес құрылып, өз жұмысынбастады.

Грант саясаты мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі реформаланды. Жобаларды іріктеудің көп деңгейлімеханизмі енгізіліп, сараптама мен есепберу рәсімдері жетілдірілді.

Аталған өзгерістер әлеуметтік жобаларды қаржыландыру көлемін екі есе арттыруға, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың қамту аясын 21 бағытқа дейін кеңейтуге жәнежүзеге асырылатын жобалар санын 22%-ғакөбейтуге мүмкіндік берді.

Соңғы бес жыл ішінде жалпы сомасы 10,3 млрд теңгені құрайтын 556 грант жүзеге асырылды. 2025 жылы жалпы құны 1,8 млрд теңге болатын 104 грант іскеасырылуда. ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыконкурсы рекордтық нәтижеге қол жеткізіп, өтініштердің саны 135-тен 208-ге дейінартты. Ал, жеңімпаз ұйымдар саны 73-ке жетті. Олардың қатарында ауылдықаймақтардағы бастамалар мен инклюзивтіжобалар да бар. Осы кезеңде барлығы 336 үкіметтік емес ұйым Мемлекеттік сыйлықақымен марапатталды.

Бұл нәтижелер мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы серіктестіктің жаңа, жетілген кезеңіне жол ашты.

Азаматтық қоғамды дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде волонтерлік қозғалысты қолдау және нығайтужұмыстары белсенді жүргізілуде. 2021-2023 және 2024-2026 жылдарға арналғанекі Жол картасы қабылданып, олар төртстратегиялық бағытпен 85 нақты іс-шаранықамтыды.

Республикалық фронт-офис пен мыңдаған белсенді жасты біріктірген 20 өңірлік волонтерлік орталық құрылды. Осы уақыт ішінде 275 волонтерлік жоба мен 1 200-ден астам волонтерлік бастама жүзегеасырылды.

Қазақстан волонтерлік қызмет саласында халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатып келеді. Соңғы жылдары елімізден 21 волонтер БҰҰ құрылымдары аясында Иордания, Кения, Таиланд және Түркия елдерінде қызмет атқарды. 2025 жылы олардың жетеуі өз қызметін жалғастыруда. Сонымен қатар, биыл «Игі істер марафоны» аясында ел бойынша 27 мыңнан астам игі іс атқарылды.

2020 жылдан бері Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 232 ерікті Мемлекет басшысы бастамашыболған «Жыл волонтері» халықаралықсыйлығының иегері атанды.

Қазақстанда азаматтық белсенділік қарқынды дамып, жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Бұл бағыттағы Президент саясаты азаматтардың бастамашылдығы, әлеуметтік жауапкершілігі және мемлекеттің үкіметтікемес секторымен әріптестігі айқындалғанӘділетті Қазақстанды құруға бағытталған.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Связанные теги :

Связанные Статьи