Алматы инновациялық экономиканы дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруда. Қалада технопарктер, акселераторлар, IT-орталықтар жұмыс істейді. Astana Hub Almaty жасанды интеллект, робототехника және биотехнология салаларында стартаптарға менторлық және қолдау көрсетеді.
Алдағы жылдары 300-ге жуық перспективалы жобаны қолдау, қалалық инфрақұрылымға кемінде 15 инновациялық шешісті енгізу жоспарланып отыр. Жеке инвестициялар көлемі 100 млн доллардан кем емес.
Университеттер – цифрлық эволюцияның серіктестері
Алматының жоғары оқу орындары – қаланың цифрлық трансформациясының негізгі кадр орталығы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Алматылық технологиялық университет акселерациялық бағдарламаларға қатысады, зертханалар ашады, студенттердің инновациялық жобаларын қолдайды.
Бұл университеттер қаланың бизнес-экожүйесімен тығыз байланыста жұмыс істеп, студенттерге нақты дағдылар мен тәжірибе береді.
Тұрғындар – цифрлық өзгерістердің белсенді қатысушылары
Алматыда цифрландыру – тек технология емес, тұрғындардың қатысуы. Қала заманауи дағдыларды үйретуге бағытталған курстар өткізеді. TUMO Almaty, Tomorrow School сияқты жобалар жастарға бағдарламалау, ЖИ және киберқауіпсіздік салаларын меңгеруге мүмкіндік береді. Umit.kz және Open Almaty сияқты платформалар тұрғындарға ұсыныстар айтуға, шағым қалдыруға және қаланың дамуына тікелей әсер етуге мүмкіндік береді.
Мұндай кешенді көзқарас технологиялық тұрғыдан сауатты әрі белсенді тұрғындарды қалыптастырады. Олар қаланың өміріне жан-жақты қатысып, билікпен бірлесе отырып инновациялық шешімдерді енгізе алады. Бұл өз кезегінде Алматыны шын мәнінде болашақтың «ақылды» қаласына айналдырады.