Украина: Еуроодақтың құпия кездесуі қалай болып жатыр?

/uploads/thumbnail/20251205125457603_big.webp

Ресей активтерін пайдалануға байланысты Брюссельде Еуроодақ басшылары құпия келіссөз өткізбек.

Еуропалық одақ Украинаға арналған көмек қаржы жоспары үшін шұғыл келіссөз болмақ. 

Германия канцлері Фридрих Мерц, Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен және Бельгия премьері Барт Де Вевер жұма күні Брюссельде құпия кездесіп, Украинаға қажетті ондаған миллиард еуроны қалай табу жолын талқыламақ.

Негізгі түйткіл — Бельгияда сақталған Ресейдің мұздатылған активтерін кепілге қою жоспары. Бұл қадам Киевке ұзақ мерзімді несие беруге мүмкіндік бермек, бірақ Бельгия мұны халықаралық тәуекел деп санайды.

Фон дер Ляйен ұсынған екі нұсқа:

ортақ ЕО қарызын тарту, немесе

Ресей активтерін кепілдік ретінде пайдалану.

Алайда бірінші нұсқаға Еуроодақтағы бірнеше ел келіспей отыр, екінші нұсқаға Бельгия қарсы. 

Мерц пен фон дер Ляйен бұл жоспардың заңды екенін және барлық тәуекел ЕО бойынша әділ бөлінетінін айтса да, одақ мүшелері әлі бір шешімге келген жоқ.

18 желтоқсандағы шешуші саммит жақындап келеді. Украинаға көмек, Еуропаның беделі мен болашағы осы келісімге байланысты болғалы тұр.

Связанные теги :

Связанные Статьи