Жеңілмейтін армия: Ким Чен Ын Ресей үшін Украинадағы соғысқа қатысқан армиясын мадақтады 

/uploads/thumbnail/20251212151702105_big.webp

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын өз әскерінің Ресей жағында Украинадағы соғысқа қатысуын мадақтап, "жеңілмейтін армия" деп атады. Олардың «әлемге КХДР армиясының беделін көрсеткенін» айтты. Бұл туралы мемлекеттік KCNA агенттігі хабарлады.

Үш күндік партия пленумын қорытындылай отырып, Ким шенеуніктер арасындағы «жаңсақ ойлау», «жауапсыздық» және «жаман әдеттерді» сынады. Ол тәртіп бұзушылықтарды жою керектігін ескертті.

Оңтүстік Корея барлауының дерегінше, Украинадағы соғыста кемінде 600 солтүстіккореялық әскер қаза тапқан, мыңдағаны жараланған.

Ким Чен Ын шетелге жіберілген солдаттар «елдің халықаралық абыройын арттырды» деп бағалады және қорғаныс күштерін «жаһандық өзгерістерге» сай жаңғырту туралы айтты.

Алдағы жылы өтетін партия конгресінде Пхеньянның АҚШ пен Оңтүстік Кореяға қатысты жаңа саясаты жариялануы мүмкін. Бұл конгресс Солтүстіктің Сеулмен қарым-қатынасын одан әрі қатайта ма, жоқ па – маңызды көрсеткіш болмақ.

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён қайшылықты азайтуға қадам жасаса да, Ким Чен Ын диалогқа қызығушылық танытпады.

Связанные Статьи