Солтүстік Корея Жапонияның ядролық қару иелену ниетіне қатаң ескерту жасады

/uploads/thumbnail/20251222104419446_big.webp

Солтүстік Корея Жапонияның ядролық қару иелену ниетіне қатаң ескерту жасады.

Солтүстік Корея Жапонияның ядролық қару иелену әрекетін «кез келген жолмен тоқтату қажет» деп мәлімдеді.

Пхеньянның бұл ұстанымы Жапония премьер-министрі кеңсесіндегі бір шенеуніктің «Токио ядролық қаруға ие болуы тиіс» деген сөзіне жауап ретінде айтылды. Бұл туралы Солтүстік Кореяның мемлекеттік KCNA агенттігі хабарлады.

Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігіне қарасты Жапонияны зерттеу институтының директоры Жапонияның мұндай мәлімдемелері кездейсоқ немесе жауапсыз айтылған сөз емес, керісінше елдің «ұзақ жылдан бергі ядролық қарулану ниетін» айқын көрсетеді деп бағалады. Оның айтуынша, Жапонияның ядролық қарулар туралы қағидаларын қайта қарауы аймақтық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Алайда Солтүстік Корея мәлімдемесінде өзінің ядролық бағдарламасы туралы айтылмады.

Пхеньян өкілі Жапонияның ядролық қаруға ие болуы Азия елдері үшін ауыр салдарға әкеліп, бүкіл адамзатқа қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты. Солтүстік Корея тарапы мұны «қызыл сызықтан өту» деп атап, Токионың әрекеттерін қатаң сынға алды.

Солтүстік Кореялық БАҚ бұл пікірлер АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға ядролық қуатпен жүретін суасты қайығын салуға рұқсат беруінен кейін айтылғанын атап өтті. АҚШ президенті Дональд Трамп Сеулге мұндай рұқсатты Оңтүстік Корея президенті Ли Джэ Мёнмен өткен кездесу барысында берген.

Дегенмен Солтүстік Корея мәлімдемесінде Пхеньяннің ядролық бағдарламасы туралы сөз қозғамады. Пхеньян бұған дейін де ядролық қарудан бас тартпайтынын бірнеше рет мәлімдеген. Қыркүйекте БҰҰ мінберінде сөйлеген Солтүстік Кореяның вице-сыртқы істер министрі Ким Сон Гён ядролық қару елдің мемлекеттік саясаты мен егемен құқығы екенін айтып, бұл ұстанымнан ешқашан бас тартпайтынын жеткізген еді.

Связанные теги :

Связанные Статьи