Ұлыбритания мен Франция Украинаға әскер жіберуге дайын екенін жариялады

/uploads/thumbnail/20260107100149427_big.webp

Ұлыбритания мен Франция Украинаға әскер жіберуге дайын екенін жариялады.

Ұлыбритания мен Франция Украинада Ресеймен бейбіт келісім жасалған жағдайда, елге өз әскерін жіберу жөнінде ниет туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Париждегі кездесуден кейін мәлімдеді.

Жоспарға сәйкес, Украина аумағында әскери хабтар құрылып, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және болашақта жаңа шабуылдардың алдын алу көзделіп отыр. Франция президенті Эммануэль Макрон мыңдаған әскер жіберілуі мүмкін екенін айтты.

Одақтастар Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері бойынша ортақ келісімге келгенімен, аумақ мәселесі әлі талқылану үстінде. 

Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт келісімнің 90 пайызы дайын екенін айтып, қалған мәселелер соғыстың тағдырын шешетінін жеткізді.

Связанные теги :

Связанные Статьи