Алматы облысында «Соғым» атауымен үшкүндік жедел алдын-алу шарасы өтіп, оның барысында 22 мал ұрлығы ашылды. Ұрланған 117 бас мал иелеріне қайтарылды. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Үш күн ішінде ашылған 22 ұрлықтың 17-і былтыр тіркелген қылмыстар болып шықты. Иелеріне қайтарылған 117 бас малдың 60-ы жылқы, 8-і сиыр, қалғандары ұсақ мал екендігі айтылады облыстық ІІД-і баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Сондай-ақ. мал ұрлады деген күдікпен 13 азамат қамауға алынған.
Оставить комментарий