Шымкентте үйге түскен ұры бір әйел мен екі қызды пышақтап тастаған (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708201511009_small.PNG

Ұры өткен жұма күні Шымкенттегі кәсіпкерлердің бірінің үйіне түскен. Үйде болған үш адам дене жарақаттарын алған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Today.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыскер кірген сәтте үйде кәсіпкердің келіншегі, 11 жастағы қызы мен он сегіздегі бір туысқаны болған. Пышақпен қаруланған ұры үйге кіре салып, келіншектен ақша мен алтындарды шығаруды талап еткен. Бірақ, үй иесі оған көнбей қарсылық танытқанда ұры оның кеуде тұсынан пышақ салып, екінші қабатқа көтерілген. Ондағы қыздарға да пышақпен шабуыл жасаған. Жарақат алған әйел үйден қашып шығып, шу көтерген. Ұры шу шыққан соң, жасырынып үлгерген. Қылмыскердің үйге кіріп-шыққан сәті бейнебақылау камераларына жазылып қалған.

Жапа шеккендер ауруханаға жатқызылды. Күдікті іздестірілуде. 

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи