Криптобиржа қателесіп клиентке $40 млрд биткоин аударып жіберген

/uploads/thumbnail/20260210130630304_big.webp SM

Оңтүстік Кореядағы ірі криптовалюта биржаларының бірі — Bithumb техникалық қателік салдарынан клиенттеріне шамамен $40 млрд көлемінде биткоин аударып жіберген.

Оқиға 6 ақпанда өткен жарнамалық акция кезінде болған. Қызметкер жүлде сомасын корей вонымен емес, биткоинмен енгізіп, 620 мың вонның орнына 620 мың биткоин жіберген. Нәтижесінде 249 клиент қате аударымды алып үлгерген.

Биржа қателікті анықтаған соң операциялардың басым бөлігін кері қайтарды. Алайда шамамен 13 млрд вон (≈$9 млн) толық қайтарылмаған, өйткені кейбір клиенттер қаражатты сатып немесе шығарып үлгерген.

Қаржы реттеушілері жағдайды тексеріп жатыр, ал парламент 11 ақпанда шұғыл тыңдау өткізуді жоспарлап отыр. Bithumb бұл оқиға хакерлік шабуылмен байланысты емес екенін айтып, ішкі бақылау жүйесін толық қайта қарауға уәде берді.

Связанные Статьи