АҚШ Иранға 15 тармақты "бейбітшілік жоспарын" жіберді

/uploads/thumbnail/20260325120948816_big.webp SM

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Иран арасында келіссөздердің жүріп жатқанын, Вашингтон Тегеранға соғысты тоқтату жоспарын жібергенін мәлімдеді, дегенмен Иран тарапы келіссөздерді жоққа шығарды 

Ал Трамптың айтуынша, Тегеран бейбіт келісімге келуге дайын.

АҚШ тарапы Иранға соғысты тоқтатуға бағытталған 15 тармақтан тұратын жоспар жолдаған. Бұл ұсыныс Пәкістан арқылы жеткізілгені хабарланды.

Соған қарамастан, Иран билігі Вашингтонмен тікелей келіссөз жүріп жатқанын жоққа шығарды.

Трамп сондай-ақ АҚШ-тың негізгі мақсаты — Иранның ядролық қару иеленуіне жол бермеу екенін, АҚШ әскери операцияларын толық тоқтатпағанын мәлімдеді.

Связанные теги :

Связанные Статьи