Қазақ асханасында диеталық тағамдар бар ма?

/uploads/thumbnail/20260420002526744_big.webp Фото: Ашық дереккөз

Көпшілік арасында қазақ асханасының тағамдары майлы, денсаулыққа зиян деген қате түсінік қалыптасқан. Иә кейбір тағамның калориясы көп болуы мүмкін. Десе де қазақ асханасы дайындау тәсіліне бай. Сол себепті кейбір тағамдарды диета кезінде ойланбай қолдануға болады. Нақтырақ айтсақ қазақ асханасынан денсаулыққа пайдалы, арықтауға көмектесетін тағамдарды таба аламыз. 

Адам ағзасына пайдалы немесе зиян тигізетін майлар бар екені көпшілікке белгілі. Мысалы қой майының құрамындағы заттар холестеринді жоғарылатпайды, бауыр гемоглобинді жоғарылатады және құрамында А дәрумені көп. Ал елімізде өте сирек дайындалатын қансоқта тағамын диеталық тағамға жатқызсақ болады.

Бұл тағамның дайындау тәсілін тек үлкен кісілер ғана ұмытпаған. Әсіресе Моңғолия еліндегі қандастарымыздың арасында кеңінен танымал. Малды бауыздағаннан кейінгі арам қанын ағызып, ортаңғы қызыл қанға майдалап туралған жүрек, өкпе, бүйрек, перитонеальді май қосылады. Кейін майдаланған пияз қосып, тұздап, бұрыштаған соң тоқ ішекке толтырылады. Тығыздап толтырған соң 1 сағаттай дайын болғанға дейін қайнатылады.

Тағы бір пайдалы және сонымен бірге диеталық тағамның бірі – әсіп. Ол шөптің барлық пайдалы элементін сіңірген қой ішегінен жасалады. Көбінесе тазартылып, жуылған ішекке бауыр, өкпе, жүрек және күріш қосу арқылы жасалады. Толтырылған ішек тығыз байланған және 40-50 минут қайнатылған. Әсіп қазіргі өмір жағдайында өте ыңғайлы. Сондай ақ қазіргі шұжықты осы әсіппен алмастыру әлдеқайда пайдалы.

Бұдан бөлек жас аналар мен аяғы ауыр әйелдерге арналған арнайы тағамдар да бар. Оның бірі – быламық деп аталады. Быламық – нәрестенің дамуы қалыпты болуы үшін және әйел адамның жоғалтқан дәрумендерінің орнын толтыру мақсатында жасалатын тағам түрі. Әсіресе қазақ халқы баланы қырқынан шығарғанға дейін жас анаға мәндетті түрде быламық дайындап береді.

Бұл тағамның құрамына ұн, сүт, май, өңделген тары шырыны, дәміне қарай қант пен тұз кіреді. Боламық кальций мен темірге өте бай. Кальций жүкті және бала емізетін әйелдің сүйектері мен тістерін нығайтып қана қоймайды, күш береді, көңіл-күйді жақсартады, жүйке жүйесін нығайтады, есте сақтау қабілетін жақсартуға әсер етеді.

 

 

Связанные теги :

Связанные Статьи