«Өз үйім – өлең төсегім» деген қазаққа нарық заманы «Өзгенің үйі – өз төсегім» дегізді. Ертегілерден «бұрын бір бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты, бір балаға зар болыпты»,- дегенді оқушы едік. Қазір Алладан тілеп алған баласын өз үйіңде өсіру үшін, бір баспанаға зар болып жүрген қазақ қаншама?! Қазақтың саны аз, көбеюіміз керек дейміз. «Торғай екеш торғай да, балапанын қорғайды» демекіші торғай да балапан басу үшін алдымен үя салады. Сол секілді үйсіз қазақты өсіп кетеді деуге келмес. Өйткені, әр қазақ баласының балалық шағының өзгенің ауласында өткенін қаламайды.
Бір үйге зар болған қазақтың қолын баспанаға жеткіземіз деген жобаның бірі «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы еді. Бұл бағдарламаданың өзге артық-кемін айтпағанда, қазақ үшін еңбір қолжетімсіз жері – Астана мен Алматы қаласы үшін 2 жыл тұрақты тіркеуде болуың міндетті. Бұл дегеніңіз Алматы мен Астанандағы үйсіз қазақтың үйлі болуына жасалып жатқан жасанды кедергі деуге болады. Кешегі далалық көшепенділік өміріміз, қазір қалалық көшпенділікке ауысқан. Еліміздегі баспана мәселесінің ең бір шешімі қыйын жері осы екі қала. Бұл қалалар да үйсіз жүргендердің саны анағұрлым жоғары, оның үсітінде басым бөлімі қазақтар. Өзінде үй жоқ қазақтан, тұрақты тіркеу талап ету – қазақтың баспаналы болуына қарсы жасалған тағы бір әрекет деуге болады. Өйткені, үйсіз жүрген қазаққты кім үйіне тұрақты тіркеуге отырғызбақ? Тіпті, бұл жоба жасалған кезде Алматыда тұрақты тіркеуің 5 жылдан кем болмауы керек деген талапты енгізбек те болған. Ақпарат құралдарындағы қарсылықтан кейін бұл шарт 2 жылға қысқарды.
Қалалық тіркеу тек бұрыннан қалада өмір сүріп келе жатқан, қалада үйлері бар тұрғындар да ғана бар. Сонда, «Қолжетімді баспана – 2020» бұрыннан қала өмір сүріп келе жатқандардың бала-шағасының үйлі болуы үшін ғана жасалған бағдарлама деуге болады. Бұдан, үкімет қос қаладағы милиондаған үйсіз қазақтардың үйлі болуынан бас тартып отыр десек артық айтқандық болмайды. Миллиондаған қазақтың үйлі болуынан бас тарту - дүниеге неше миллион қазақтың келіп, қазақтың санының өсуіне жасалған қастандық екені айдан анық.
Егер, үкімет қазақтың баспаналы болып, өсіп өнуіне қарсы болмаса, жоғарыдағы аталған талапты «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасынан алып тастауы тиіс. Онсызда аз қазақтың көрген тауқыметі аз емес, енді азат отанында ержеткен бала өзгенің қабағына қарап өспеуі тиіс.
Тұрдыбек Құрметхан